Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі жағдайы белгілі болды

Қолдау көрсеткен көрерменіне алғыс білдірді.

Актер, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Өскемен қаласындағы концерті бір күнге шегерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әзілкеш жағдайды түсіндіріп, қазір денсаулығы жақсарғанын айтты. Сонымен қатар қолдау көрсеткен көрерменіне алғыс білдірді.

«Құрметті достар, ағайын! Иә, менің Өскемен қаласындағы концертім 1 күнге шегерілген болатын. Түсіністік танытқан, концертке келген Өскемен халқына алғыс білдіремін. Концерттің алдында қан қысымым түсіп кетті. Қазір бәрі жақсы. Қазақстанның барлық қаласында концертім болады. Концертте жүздескенше! Баршамыз аман болайық», – деді Тұрсынбек Қабатов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.