«Көреалмаушылық — ең үлкен жау...»: Дариға Бадықова күтпеген жазба жариялады

Оскарға жолдама алған фильм туралы айтты.

Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол Kinopark кинотеатрлар желісінің негізін қалаушы  Алмаз Малдыбаевқа қолдау білдірді. Сонымен қатар Оскарға жолдама алған фильм туралы айтты.

«Көреалмаушылық — ұлт рухының ең үлкен жауы. Қолдау — ең ұлы ерлік. Киноға алғаш қадам басқан сәтімде мені сеніммен қарсы алып, жол сілтеген, шабыт берген, қазағым деп қолдаған адам — Алмаз аға Малдыбаев еді. Сол кезде кішкентай сенім, жылы сөз, артылған үміт мен үшін үлкен демеу болды. Жеке басым Алмаз ағаны қазақ киносының діңгегі, жүйе қалыптастырған, таланттарға жол ашқан тұлға деп білемін. Кино саласын тұрақтылыққа, кәсібилікке, әлемдік деңгейге бағыттаған адамдардың бірі, рас! Қазір түрлі әңгіме көбейген кезеңде мен үндемей қала алмадым. Өйткені өнерде ең қажет нәрсе – әділдік пен адамдық. Бір адамның еңбегін бағаламау – тұтас саланың дамуына кедергі! “Кадет” фильмі – еліміз атынан Оскарға жолдама алған алғашқы үміткерлердің бірі еді. Өкініштісі, сол қуанышты сәтті біз өз ішіміздегі көреалмаушылықпен көлегейлеп алдық. Шындығында, бұл тек бір фильмнің тағдыры емес, біздің өнерге деген көзқарасымыздың айнасы болды… Өнерде жеңіліс те, жеңіс те ортақ. Қуанбасақ, қолдамасақ – ешқашан биікке шыға алмаймыз. Қазақ киносы – біздің рухани қазынамыз, ал оны көтеру – әрқайсымыздың міндетіміз», - деді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.