Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының төртінші турында италиялық «Интерге» қарсы сырт алаңда ойнайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Кездесу 6 қараша күні Миландағы аты аңызға айналған «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді.
Ең қызығы – матч билеттерінің бағасы небәрі 5 еуродан (шамамен 3100 теңге) басталады. «Интер» мен «Қайрат» клубтары билеттердің сатылымға шыққанын ресми түрде жариялады.
Аталған жаңалық қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен таңданыс туғызды. Өйткені «Қайраттың» өз алаңындағы ойындарына билеттердің бағасы 30 мыңнан бастап, 250 мың теңгеге дейін жеткен еді.
Бұл жағдай отандық футболдағы баға саясатына қатысты қызу пікірталас тудырып отыр.