Боксшы, бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға Таразда 1 миллион теңге табыстады

Жақында Семейде 14-21 қазан аралығында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті.

Боксшы, бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға Тараз қаласының спорт басқармасы 1 миллион теңге сыйақы табыстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жақында Семейде 14-21 қазан аралығында бокстан Қазақстан чемпионаты өтті.

Айтулы додада 48 келі салмақта бес баланың анасы Айгерім Сәттібаевға бақ сынап, финалға жолдама алды. Ол ақтық сында Әнел Құдайбергенмен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Осылайша Айгерім Сәттібаева араға 15 жыл салып Қазақстан чемпионы атанып отыр. 
Айгерім Сәттібаеваның осы жеңісінен кейін, Тараз қаласының спорттық басқармасы боксшыны жеңісімен құттықтап, 1 миллион теңге сыйақы беріп, марапаттады.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арқылы 2025-2026 ұлттық құрама жасақталады. Айгерім Сәттібаева бес баланың анасы және оның жары Олжас Сәттібаев та боксшы болған.