Бенземаның голы Криштианоның командасын жарыстан шығарды

Сауд Арабиясында кубок үшін талас жалғасып жатыр.

Эр-Риядта өткен Король кубогының 1/8 финалында «Аль-Иттихад» командасы «Аль-Насрды» 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Матчтың 15-минутында Карим Бензема есепті ашты. 30-минутта Габриэл Анжело таразы басын теңестіргенімен, алғашқы таймның соңында Уссем Ауар жеңіс голын соқты (45+2).

Екінші тайм басында «Аль-Иттихад» қорғаушысы Ахмед Әл-Джулайдан қызыл қағаз алғанымен, команда қорғанысты мықтап ұстап, жеңісті сақтап қалды.

Осылайша, Бензема бастаған «Аль-Иттихад» Роналду ойнайтын «Аль-Насрды» жарыстан шығарып, Король кубогының келесі кезеңіне өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз