Түркия Қарулы күштеріне жаңа буындағы «Алтай» негізгі жауынгерлік танктерінің алғашқы легі тапсырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz TRThaber мәліметінше, салтанатты рәсімге Президент Режеп Тайып Ердоған қатысады деп күтілуде Танк өндірісі Анкарадағы BMC зауытында жолға қойылған. «Алтай T1» ерекшеліктері: Заманауи активті және реактивті қорғаныс жүйелері бар 360 градусқа дейінгі толық қорғаныс қамтамасыз етілген Барлық негізгі тораптар мен жүйелер жергілікті өндірістен Экипаждың қорғаныс деңгейі күшейтілген «Алтай» – Түркияның қорғаныс саласындағы технологиялық тәуелсіздікке және ұлттық өндірістің жаңа деңгейіне шыққанын айғақтайтын маңызды жоба. Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз
Бастапқы үлгілер шетелдік қозғалтқышпен шығарылса, алдағы уақытта танктер жергілікті BATU қозғалтқышымен жабдықталады.
Жалпы 250 танк шығару жоспарланған: оның ішінде 85-і – Т1, 165-і – Т2 үлгісі.