Атырау облысында адам шошырлық оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жылыой ауданының Қошқақыл ауылында белгісіз әйел II топтағы мүмкіндігі шектеулі зейнеткерге сірке қышқылын шашып, үйіндегі алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.
Шабуыл кезінде зардап шеккен әйел химиялық күйік алып, көру қабілеті айтарлықтай нашарлаған. Ауыр жағдайына қарамастан, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне қайтарылған. Қазіргі таңда туыстары бұл оқиғаның ауыр денсаулыққа зиян келтірген тонау ретінде қаралуын талап етіп отыр.
Полиция шабуылдаушының кім екенін анықтап, оқиғаның мән-жайын тергеу үстінде.