Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Финляндия президентін қарсы алды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Ақорда» резиденциясында Финляндия президентін қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл – Александр Стуббтың президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары. 

Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті. 

Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.