Камерунда 92 жастағы Поль Бийя сегізінші рет президент болып сайланды

Сайлау қорытындысы бойынша, Бийя 53,66 пайыз дауыс жинаған.

92 жастағы Поль Бийя Камерун президенті болып сайланды. Осылайша, ол әлемдегі ең қарт президент атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz CNN-ге сілтеме жасап. 

Жетіжылдық мерзімге қайта сайланған Поль Бийя билікте 100 жасқа дейін отыруы мүмкін.

Сайлау қорытындысы бойынша, Бийя 53,66 пайыз дауыс жинап, Камерунды сегізінші рет басқаруға мүмкіндік алды.