«Қазгидромет» 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін елдің батысында жаңбыр жауып, желдің екпіні күшейеді.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал оңтүстікте жаңбыр жауады.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, түнде және таңертең республика бойынша тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы солтүстікте +10...+15°C, орталық пен шығыста +10...+18°C, оңтүстікте +20...+28°C, ал батыста +9...+17°C шамасында болады.