Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Ризабек үшінші орын үшін өткен белдесуде Иран өкілі Аболфазл Бабалуды 7-1 есебімен жеңді.
Осылайша отандасымыз жастар арасындағы әлем біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.