28 қазанда ауа райы қандай болады?

Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қазгидромет 28 қазанға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің батысында, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жауын-шашын жауады. Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, батыста, оңтүстікте, шығыста екпінді жел тұрады.

Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы, Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай және Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.