Бейбарыс Ерсейіт ауыр атлетикадан жасөспірімдер Азиадасында екінші медалін жеңіп алды

Бұған дейін Ерсейіт жұлқа көтеруде күміс медаль жеңіп алған болатын.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен зілтемірші серпе көтеруде үшінші нәтиже көрсетті - 152 келі.

ҚР ҰОК мәліметінше, Вьетнам спортшысы Дуи Нгуен жарыс жеңімпазы атанды. Ол 156 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасында Азия рекордын жаңартып, Азия ойындарының жаңа көрсеткішін тіркеді.

Күміс жүлде Қытай атлеті Бохан Ванға бұйырды - 155 келі.

Айта кетейік, бұған дейін Ерсейіт жұлқа көтеруде күміс медаль жеңіп алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.