Астанада өндірістік цехтан өрт шықты

Өрт сөндірудің жедел штабы құрылды.

Елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойында орналасқан шаруашылық корпустағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Аikyn.kz. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram арнасының хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірудің жедел штабы құрылды. 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды.