Балуан Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды.
97 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Айтмұхан жапон балуаны Арас Ёсидамен белдесіп, айқын есеппен - 0:10 есебімен жеңілді.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан - ересектер арасындағы әлем чемпионы. Ол бұл атақты 2023 жылы Белградта өткен әлем біріншілігінде жеңіп алған болатын. Сонымен қатар 21 жастағы спортшы қатарынан үш жыл - 2023, 2024 және 2025 жылдары Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.