Қазақстандық жеңіл атлеттер секіруден қос бірдей жүлде жеңіп алды

Екі спортшы да ең үздік секіруде 1,65 метр нәтижесін көрсетті.

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында биіктікке секіруден қыздар арасында үздіктер анықталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Қазақстандық жеңіл атлеттер екі бірдей жүлдеге қол жеткізді.

Ольга Изюмникова мен Милена Мерц қола медаль иегерлері атанды. Екі спортшы да ең үздік секіруде 1,65 метр нәтижесін көрсетті.

Алтын медальді Кувейт спортшысы Ясмин Рой жеңіп алды – 1,73 метр. Тайбэйлік Чао-Тин Чен 1,69 метр нәтижемен екінші орынға табан тіреді.