Қазақстанда магистратура мен докторантураға өтініш қабылдау уақыты белгілі болды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ресми ақпарат таратты

2025 жылғы 28 қазаннан бастап магистратура мен докторантураға құжат қабылдау басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өтініштер 10 қарашаға дейін ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында қабылданады.

Кешенді тестілеу қараша–желтоқсан айларында өтеді.

  • Ғылыми-педагогикалық магистратура: шекті балл – 75.

  • Бейінді магистратура: шекті балл – 30.

  • Докторантура (PhD): шекті балл – 75, индустриялық PhD – 50.

Емтихан өтетін күн туралы ақпарат 14 және 27 қарашада талапкерлердің жеке кабинетінде жарияланады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз