Келесі жылы еурокубоктарға қатысатын қазақстандық клубтар белгілі болды

2026/27 маусымында Қазақстанды еурокубоктарда төрт команда қатысады

2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша 2026/27 жылғы еурокубоктарға қатысатын қазақстандық клубтар белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

  • «Қайрат» (Алматы) — Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы. Клуб 2026/27 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды.

  • «Астана» (Астана) — күміс жүлдегер. Клуб Конференция лигасында екінші іріктеу кезеңінен өнер көрсетеді.

  • «Тобыл» (Қостанай) — қола жүлдегер әрі Қазақстан кубогының иегері. Сондай-ақ Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастайды.

  • «Елімай» (Семей) — турнир кестесінде төртінші орынға ие болды және Конференция лигасында бірінші іріктеу кезеңінен ойнайды.

Осылайша, 2026/27 маусымында Қазақстанды еурокубоктарда төрт команда қатысады: «Қайрат», «Астана», «Тобыл» және «Елімай».

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз