Бахрейнде өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар екі бірдей алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Альбина Жуминова (17 жас) муай-тай жарысында 51 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда Камбоджа спортшысы Срейпен Омды 30:27 есебімен жеңді.
Ал Евгений Васенкин (16 жас) таеквондода 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді. Ол финалда Өзбекстан өкілі Асадбек Самандаровты 2:0 есебімен ұтты.
Осылайша Қазақстан құрамасының жалпы көрсеткіші — 7 алтын, 8 күміс және 13 қола, барлығы 28 медаль болды.