Қазақстан құрамасының жас спортшысы Амелина Бакиева ММА бойынша 2025 жылғы жасөспірімдер Азия ойындарында алтын медаль алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бакиева Үндістан спортшысы Шрия Сатамды мерзімінен бұрын жеңіп, жарыстың үздігі атанды.
«Бұл жеңіс - Қазақстан жастар құрамасы үшін үлкен мәртебе. Алтын медаль ел намысының биік деңгейде қорғалғанын көрсетеді», – деп жазады Ұлттық олимпиада комитеті.
ММА — жастар арасында танымал жекпе-жек спорты. Қазақстандықтар соңғы жылдары халықаралық аренада тұрақты табыс көрсетіп келеді. Ал Бакиева — ел құрамасының жаңа жұлдыздарының бірі.