Күрес түрлерінен Сербияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында әйелдер арасындағы бәсекеден тұңғыш алтын медаль бұйырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
55 келіде сынға түскен қазақстандық Шұғыла Өмірбек финалдық белдесуде Еуропа чемпионы түрік қызы Туба Демирді 12:8 есебімен ұтты.
Айта кетейік, 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан U23 әлем чемпионатында осы сәтке дейін бірде-бір аруымыз финалға дейін жетпеген.