Егемен елдің ескерткіштері

Әр халықтың тарихында ұлт рухын көтеріп, елдіктің мәңгілік белгісіне айналған ескерткіштер бар.

Олар тек тастан, қола мен мәрмәрдан қашалған мүсін емес, олар – халықтың жүрегінен шыққан еркіндік үні, ұлттың тағдырлы сәттерінің тасқа таңбаланған шежіресі. Егемен ел атанған сәттен бастап, Қазақстан да өз тәуелсіздігін ұлықтайтын, ел рухын асқақтататын ескерткіштерін тұрғызды.

1991 жылы азаттықтың ақ таңы ат­қанда, қазақ даласы ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жет­кізді. Сол күннен бастап елдің әр өңі­рінде егемендіктің символы, рух­тың куәсі болған ескерткіштер бой көтере бастады.

Алматы қаласындағы Тәуелсіз­дік монументі – соның ең айшық­ты­сы. Ол Республика алаңында ор­­­­на­ласқан. Мұның да өзіндік се­бебі бар. Алматы қаласындағы ең­бек­шілер қауымының мерекелік сал­танатты шаралары, сондай-ақ әс­кери шерулер өтетін алаң 1980 жы­лы ашылған. Ал Республика алаңына Тәуелсіздік монументі 1996 жылы орнатылған. Ресми ашыл­уы сол жылы 16 желтоқсанда болды. 

Қазақтың қолданбалы өнерінен та­мыр тартқан Тәуелсіздік мону­мен­­тінің негізгі ортасында компо­зи­циясы ұлттық өрнекпен көм­ке­ріл­ген текшелі діңгек тастан құ­ра­лып, оның биіктігі 28 м-ге же­т­еді. Көк аспанға қарай шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қыз­ғалдақ тәрізді жұмырланып мү­сін­делген әрі оған Қазақстанның ел­таң­басы ойылып түсірілген. Оның үс­тіңгі жағындағы қоладан құйыл­ған қанатты барыстың үстінде оң қо­лында қыран құсы, сол қолында са­­дағы, белінде қанжары мен асы­нып алған қорамсағындағы сауыт,  алтынға малынған жебелері бар ду­лығалы жас сарбаздың құ­рыш­тай мығым бітім-тұлғасы (биік­тігі – 6 м, ал салмағы – 4 т) аса ай­бар­лы кейіп­п­ен, Тәуелсіздік мо­ну­ментінің бе­рік­тігі мен ауқым­ды­лығын айқын аңғартады.

Астанадағы Бәйтерек монументі де тәуелсіз Қазақстанның сим­во­лы­на айналған. Бұл – тек архи­тек­тура­лық нысан емес, ел арманының кө­рінісі. Самғаған қырандай, көкке ұм­тылған бәйтерек – Қазақ елінің биік мұратының бейнесі. Ол – елдің та­мыры тереңде, ал арманы көкте еке­нін айғақтайтын сәулет туын­дысы. Бәйтерек – жай ғана бақылау мұ­нарасы емес, «Өмір ағашы» мен қа­сиетті «Самұрық құсы» туралы кө­не қазақ аңызын паш ететін Аста­н­а­ның басты нышаны және сәулет өне­рінің ғажайыбы. Биіктігі 105 метр­ді құрайтын (97 метрі 1997 жыл­ды – елорданың көшірілген жы­лын білдіреді) бұл бірегей құры­лыс­ты болашаққа деген үмітпен күн­ді бейнелейтін алып «Алтын шар» (диаметрі – 22 м) тәж етіп тұр.

Қай заман болмасын, елдің ең­сесін көтеріп, рухын асқақтатар қа­сиетті нысандар ұлттың жүрегінде мәң­гі сақталады. Қазақ халқы үшін сон­дай киелі орындардың бірі – «Мәң­гілік ел» қақпасы. Бұл – сәу­летті туынды тәуелсіз Қазақстанның ұлы мұратын, ел бірлігі мен бола­шақ­қа деген сенімін айшықтайтын ерек­ше ескерткіш.

Тәуелсіздіктің тағы бір нышаны – елордада орналасқан мәдени-архитектуралық «Қазақ елі» мону­менті. Ақ мәрмәрдан құйылған мо­­нументтің биіктігі – 91 метр. Бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жыл­дың белгісі. Ал оның басындағы ал­тын түсті бояумен әрленген ал­тын құс – самұрық Қазақстанның «ты­ныштығын» күзетіп тұр. 2009 жы­лы ашылған монументтің автор­л­ары – Сәрсенбек Жүнісов және Жаңбыршы Нұркенов.

«Мәңгілік ел» қақпасы еліміздің жү­регі Астана қаласында орна­лас­қан. Ол 2011 жылы Қазақстан тәуел­сіздігінің 20 жылдығына орай сал­та­натты түрде ашылған. Қақпа – ел да­муының жаңа кезеңін, азат­тық­тың баянды болашағын бейнелейді. Архитектуралық тұрғыдан алғанда, бұл ескерткіш ежелгі түркі өрке­ние­ті мен заманауи сәулет өнерінің үн­дестігін көрсетеді. Қақпаның биік­тігі – 20 метр, ал ені мен құры­лым­­дық элементтері ұлттық на­қыш­­тағы ою-өрнектермен көм­керіл­ген. Сәулетшілер оның әрбір бөл­шегіне терең мағына сыйдырған. Мы­салы, қақпаның ортасындағы «Мәң­гілік ел» жазуы – ұлттың ұра­ны, елдің мәңгі тұғырлы болуға де­ген сенімін білдіреді. Ал бағандар мен күмбез бейнелері – тұрақтылық пен берекенің белгісі. Қақпаның тө­рінен өтетін әрбір адам өз жүрегі­нен өткен тарихты сезінеді: бір жа­ғында – бабалар ерлігі, екінші жа­ғында – бүгінгі ұрпақтың жасам­паз еңбегі мен болашаққа ұмтылы­сы. «Мәңгілік ел» қақпасы осылай­ша өткен мен келешекті жалғап тұр­­ған рухани көпір іспетті.

Сонымен қатар еліміздің әр өңі­рін­де тәуелсіздікке арналған ес­керт­кіштер мен мемориалдар ор­на­тылған. Мысалы, Қызылордадағы Тәуелсіздік алаңы, Түркістандағы Тәуелсіздік монументі, Орал мен Шым­кенттегі еркіндік ескерткіш­тері – бәрі де ел бірлігінің, ұлт на­мы­сының, азаттықтың айғағы. Бұл ес­керткіштер – тек әсем мүсіндер емес, ұлт жадын жаңғыртатын, жас ұр­пақтың бойына елге деген сүйіс­пеншілікті сіңіретін рухани қазына. Олар бізге өткенді ұмытпауға, бү­гін­ді бағалауға және ертеңге сеніммен қарауға үндейді.

Сонымен бірге алыстағы аудан­дар­да да ел рухын көтерген ескер­кіш­тер бар. Мысалы, 2008 жылдың қа­рашасында Жаркент қаласының ор­талығында Желтоқсан көте­рі­лі­сі­нің құрбандары Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевқа арналған ес­керткіш ашылған. Ал Тәуелсіз­дік­тің 25 жылдығына орай Аягөз және Тараз қалаларында «Тәуелсіздік таңы» атты арнайы монумент бой көтерді.

Ақтөбе қаласында бой көтерген ес­керткіштің бірі «Тәуелсіздік тұ­ғыры» айрықша архитектураның биік­тігі – 20, ені – 2,4 метр болатын тұғыр тұтастай сапалы бетоннан құйылған. Оның бір жақ қырында рес­публика Гимнінің мәтіні, екінші жақ бетінде Гимннің нотаға түсі­ріл­ген музыкалық нұсқасы, ал үшінші жақ қырында мемлекеттік рәміз­дер­дің авторлары туралы мәліметтер на­қышталып берілген. Төртінші қы­рында Ақтөбе деген сөз жазы­лып, осы қаланың нышандық бел­гі­сі – қызғалдақ көрініс тапқан. Тәуел­сіздік тұғырының ұшар ба­сын­да орналасқан Елтаңба екі жақ­қа бірдей көрінеді. Оның салмағы 250 келі болса, диаметрі – 215 см. Жоба авторы, белгілі кәсіпкер – Арын­­­­ғазы Беркінбаев.

Тәуелсіздік ескерткіші Қара­ған­ды қаласында да бой көтерген. 47 метрлік ескерткіштің ұшар басында ал­тынмен апталған, шапағын шаш­қан күн мен қыран тұр. Олар еге­мен­дікті білдірсе, стелланың төрт бұ­рышындағы төрт пырақ – еркін­дік­ке ұмтылған ел нышаны. Бұл ес­керткіш – өткен күннің белгісі ға­на емес, Қазақ елінің тәуелсіздік жыл­дарында қол жеткізген зор та­бысының, оның жарқын болашаққа ұмтылысының белгісі іспеттес.

Ел тарихындағы көптеген дәуір­лік оқиға мен оның қалыптасу ке­зең­дерін бейнелейтін Тәуелсіздік мо­нументі Шығыс Қазақстан об­лы­сында да бар. Монументтің биіктігі – 1­5,7 метр, диаметрі – 10,9 метр. Төбесінде Қазақ хандығының негі­зін қалаушылар – Керей мен Жәні­бек­тің мүсіндері, төменгі бөлігінде Қа­зақстанның даму тарихы бей­не­ленген барельеф орнатылған. Мо­ну­менттің орталық бөлігінде үш жо­ғары бидің – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би мүсіні орна­лас­қан.

Тәуелсіздік ескерткіштері – ел та­ри­хының үнсіз шежірешісі. Олар күн сайын таңды қарсы алып, жел­мен бірге желбіреген көк байраққа қа­рап, бір ғана ұлы ойды еске сала­ды: «Бұл жер – азат елдің жері, бұл ел – тәуелсіз халықтың елі!».

Көктем ҚАРҚЫН