Сенаттағы мерекелік рәсім

Парламент Сенатында Республика күніне арналған сал­танатты жиын өтті. Оған палата депутаттары мен аппарат қызметкерлері қатысты.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшім­баев биыл Тәуелсіздікке жол ашқан және мем­лекеттік құ­рылымның маңызды қа­ғи­дат­тарын бекіткен тарихи құжат – Еге­мендік туралы дек­лара­ция­ның қабыл­дан­ғанына 35 жыл то­лып отырғанын ай­тып, Рес­пуб­­лика күнінің маңызына на­зар аударды.

«Биыл Егемендік туралы дек­лара­ция­ның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Бұл құжат елі­міз­­дің дербес мемле­кет ретіндегі сая­си және құқықтық не­гі­зін бе­кітті. Қазақстан өзін терри­то­рия­сы бөлінбейтін біртұтас мем­лекет ретінде жа­риялады. Сон­дық­тан Республика күні ай­­рық­ша тарихи маңызға ие. Ұлттық ме­рекеміз – егемендігіміздің ны­ша­ны және ға­­сырлармен өлше­нет­ін мем­ле­кет­тілі­гі­міз­дің қайта жан­дануы­ның жарқын кө­рі­нісі. Бүгінде бұл күн жаңа мазмұнмен то­­лығып, ұлт­тық бірегейлікті ны­ғайта тү­­се­тін мерекеге айнал­ды», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төра­ға­сы Мем­лекет басшысы Жол­дау­да белгілеп берген рефор­ма­лар­ды са­палы іске асырудың маңыз­ды еке­нін айтып, па­ла­та­ның осы ба­ғыттағы жұмыс бағ­дары­на тоқ­та­лып өт­ті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаев биыл­ғы Жол­дауында цифрлық күн тәр­тібін іл­герілетуге және жасан­ды ин­тел­лектіні кеңінен қол­дану­ға баса мән берді. Басты мақ­сат – жаңа тех­­нологиялар ар­қылы азамат­тар­дың әл-ау­қа­тын арттыру, олардың өмір сүру са­­па­сын жақсарту және ел­дің бә­секеге қа­бі­леттілігін ны­ғайту. Бұл Әділетті Қа­зақ­стан құру жо­лындағы стратегиялық бағ­дар­дың логикалық жалғасы екені сөз­­сіз. Олардың сапалы әрі уа­қы­тылы орын­далуын заңна­ма­лық тұрғыдан қам­тамасыз ету жо­лында Парламент Сенаты бел­сенді қызметін әрі қарай да жал­ғас­тыра береді», – деп, Мәулен Әшім­баев әріп­­тестерін Респуб­лика күнімен құттық­тады.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы Мем­­лекет басшысының тапсыр­масымен бірқатар се­натор мен Аппарат қызметкерлеріне мем­ле­кеттік наградаларды салта­нат­ты түр­де тапсырды. Нақты айт­қан­да, Мем­ле­кет басшысының Жар­лығымен сена­тор­лар Сүйін­дік Алдашев, Жанна Асанова және Алтынбек Нухұлы «Пара­сат» ор­денімен марапатталды. Сенат де­­путаты Нұрлан Бекенов пен Сенат Ап­паратының бас кон­су­льтанты Серік Қаражан – «Құр­мет» орденімен, Сенат Ап­пара­тының бөлім басшылары Ал­мас Данияров пен Елдос Сай­лаухан және Сенат Аппаратының сектор меңгеру­шілері Зәуре Уашова мен Раушан Ба­зарова «Ерен еңбегі үшін» медалімен наград­талды. Сонымен қатар бірнеше депутатқа халықаралық парламентаралық ұйымдардың марапаттары табыс­талды.