Елдіктің мерейі – Егемендік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Ақорда төріндегі басқосуға түрлі саланың үздіктері, қоғам қайраткерлері мен өнер майталмандары да қатысты.

Президент әуелі 35 жыл бұрын Қа­зақстанның Егемендігі туралы дек­ларация қабылданғанын, дәл сол күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәс­түріміз қайта жаңғырғанын тілге тиек етті. Көп ұзамай жұртымыз Тәуел­сіздік байрағын көтерді. Тари­хи әділдік орнап, ұлттың рухы ас­қақ­­тады. 

– Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құн­дылығымыз. Оны сақтап, нығай­та түсу – баршамызға ортақ қасиетті бо­рыш. Егемендік – ата-баба­лары­мыз­дың ұлт мүддесі жолындағы өш­пес ерлігінің айқын көрінісі. Заң­ғар ойшыл Әбіш Кекілбаев «Өт­кеннен тағылым, ертеңнен үміт із­де­гендер ғана ілгері баса алады» де­ген. Біз әр кезеңде ұлт тарихында өш­пес із қалдырған барлық мем­ле­кет және қоғам қайраткерлеріне құр­мет көрсетеміз, оларды ешқашан ұмыт­паймыз. Сонымен бірге келе­шек­ке үлкен үмітпен, зор сеніммен қа­раймыз, биік мақсаттарға ұмты­ла­мыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы жыл­дарда Қазақстанның бағындырған белестері аз емесін еске салды. Жер жү­зіне егемен мемлекет ретінде та­ныл­ды, шекарасын шегендеп, ірге­сін бекітіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Бірлігімізді бекемдеп, татулық пен тұрақтылықтың арқасында түрлі сы­нақтардан сүрінбей өтті. Бүгінде жаһан жұрты еліміздің өсіп-өр­кен­деп келе жатқанына куә бо­лып, өз құр­метін көрсетуде. 

– Алайда кемшіліксіз, мінсіз жұ­мыс болмайтыны анық. Біз өткеннен са­бақ алып, ешкімге жалтақтамай, өз жолымызбен жүріп келеміз. Соң­ғы жылдары халықтың әл-ауқатын арт­тыру үшін аса маңызды қадамдар жа­салды. 2019 жылы ауқымды ре­фор­малар қолға алынды. Қазақстан жаңа тұрпатты ел болу жолына түсті. Жалпыхалықтық референдум ар­қы­лы Ата заңымызға түзетулер ен­гі­зіл­ді. Парламенттің құзыреті кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Конституциялық сот құрылды. Адам құ­қықтары жөніндегі уәкіл инс­ти­туты конституциялық мәртебеге ие бол­ды. Биыл шілде айынан бастап Кас­сациялық сот жүйесі іске қо­сылды, бұл қоғамымызда әділет­ті­лік­ті күшейтуге жағдай жасады, – де­ді Президент.

Сондай-ақ Әділетті Қазақстанды құру жолында басқа да нақты шара­лар қолға алынғаны айтылды. Аза­мат­тарымыз мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға белсенді түрде араласа бастады. Ауыл, аудан және облыстық маңызы бар қала әкім­дері тікелей сайланатын болды. Ауыл әкімдерінің барлығы, ал аудан әкім­дерінің 25 пайызы жаңарды. Осы­лайша, билік жүйесі айтар­лық­тай өзгерді. Елімізде «Күшті Пре­зи­дент – ықпалды Парламент – есеп бере­тін Үкімет» қағидаты орныға түсті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі қан­ша келеңсіздіктерге қарамастан Қа­зақстан саяси реформаларды та­бысты іске асырып, экономикалық әлеуетін сақтай алғанын жеткізді. 

– 2019 жылдан бері эконо­ми­ка­мыз 16 пайызға өсті, биыл осы көр­сет­кіш шамамен 137 триллион теңге, яғни 291 миллиард доллар болады деп күтілуде, бұдан да асуы мүмкін. Бұл Қазақстанның біздің аймақтағы ең үлкен экономика екенін көр­се­теді. Жан басына шаққанда ішкі жал­пы өнім 47 пайызға артып, 14 400 дол­ларға жетті. Бұл – Тәуелсіз Мем­ле­кеттер Достастығы елдері арасын­дағы ең жоғары көрсеткіштің бірі. Қа­зақстанның алтын-валюта ре­зер­вінің көлемі 58 миллиард долларға жет­ті. Жеті жылда сыртқы сауда айналымы 83 пайызға артып, бүгінде 142 миллиард доллар болды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент еліміздің көлік-та­сы­мал саласын стратегиялық маңызды бағыт ретінде дамытып жатқанын айт­­ты. Өткен айда «Достық – Мойын­­ты» теміржолының екінші желісі іске қосылды. Бұл – егемендік кезеңінде салынған ең ірі теміржол құрылысы. Сондай-ақ биыл 13 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделді. Қытай арқылы ауқымды жүк тасымалдау мүмкіндігіне ие болдық. Әуе қатынасы саласындағы табыстар аз емес. Биыл 36 жаңа әуе рейсі ашылды, олардың ішінде Азия мен Еуропаның ірі қалалары бар. 

– Елімізде өндіріс те дамып ке­ле­ді. Бұл саланың өсімі жыл басынан бері 7,5 пайызға жетті. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындады. Кәсіпкерлер еліміздегі еңбекке қабілетті аза­мат­тардың жартысына жуығын жұ­мыс­пен қамтып отыр. Құрылыс саласы қар­қынды дамып жатыр. Былтыр Қа­зақстанда 19 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең жо­ғары көрсеткіш, нәтижесінде мың­даған отбасы баспаналы болды. Ауыл шаруашылығы саласындағы жал­пы өнім көлемі 2,5 есе өсті. Биыл да қамбамыз астыққа толды, 20 мил­лион тоннадан астам бидай жи­нал­ды. Қазақстанның экспорттық әлеуе­ті артуда, сауда серіктесі ретін­дегі беделі нығаюда, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан­ның Конс­­титуция бойынша әлеу­мет­тік мем­ле­кет екеніне көңіл бөлді. Сондықтан еліміз жауап­ты, құрметті миссияны міндетті түрде орын­дауы қажет. Әлеуметтік стратегиямыз тиім­­ді, әділетті болуы керек. Осы тұс­та «Ұлт­тық қор – балаларға» бағ­дар­ламасының жү­зеге асырылып жат­қанына зер салды. Бұл өс­келең ұр­пақ үшін жасалған үлкен қадам. 

– Біз озық ойлы ұлт болуымыз керек. Бә­секеге қабілетті ел болу үшін, ең ал­ды­мен, білім-ғылымды дамыту қажет. Сон­дық­тан бес жылда білім беру саласына бө­лінетін қаржыны үш есе арттырдық. Ұс­таз­дардың жалақысын екі есе ұлғайттық. Қа­зіргі таңда қоғамымызда мұғалім маман­ды­ғының мәртебесі анағұрлым көтерілді. 1 200 жаңа мектеп аштық. Соның ішінде «Ке­лешек мектептері» ұлттық жобасы ая­сын­да көптеген білім ордасы бой көтерді. Ұлт­тық ғылымды қолдауға да мән беріп отырмыз. Бұл салаға салынған қаражат бес жылда 5 есе өсті. Шетелдің 33 беделді уни­верситеттерінің филиалы ашылды. Сондай-ақ ұлт саулығын жақсарту үшін жүйелі ша­­­ралар қабылданды. 2020 жылдан бері ме­дицина саласына бөлінетін қаржы 3 есе арт­ты. 927 медицина нысаны ашылды. Елі­міз­дегі орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жас­тан асты, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қауіп­сіз ел болуы керек екенін жеткізді. Сон­­­дықтан «Заң мен тәртіп» қоғамның бас­ты қағидаты саналады. Осы жұмыстың ая­сында жемқорлыққа қарсы күрес жал­ғасып, күшейеді, онсыз Әділетті Қазақстан тура­лы айтудың өзі қисынсыз. Кейінгі бес жылда қылмыс саны және көшедегі бұза­қы­лық едәуір азайды, қылмыстық ахуал қа­таң бақылауға алынды. Тұрмыстық зор­лық-зомбылық оқиғалары азаюда, еліміздің бұл мәселеге қатысты тәжірибесіне шет­ел­дік сарапшылардың ықыласы күшейді. Түп­теп келгенде, «Заң мен тәртіп» тұжы­рым­дамасы – еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік. 

Президент елімізде «Таза Қазақстан» жал­пыұлттық акциясы жүзеге асырылып жат­қанын айтты. Былтырдан бері шамамен 2,8 миллион гектар жер тазартылды, 4 мил­лионнан астам ағаш отырғызылды. Ең бас­тысы, азаматтарымыздың экология­лық сана-сезімі, бүкіл болмысы өзгере бастады. 

– Қазақстанымыз Әділетті, Қауіпсіз, Та­за, Күшті ел болуы керек. Бұл – жал­пыұлт­­тық стратегиялық мақсатымыз, бар­ша азаматқа ортақ міндет, қастерлі парыз. Озық ел болу үшін біз әлі талай белесті ба­ғын­дыруымыз керек. Тұрақтылық пен ты­ныш­тықтың қадірін білу қажет. Әсіресе, мұ­ны жастарымызға дұрыс түсіндіріп, олар­ға бағ­дар көрсеткен жөн. Еліміздің ертеңі – өс­келең ұрпақтың қолында. Сондықтан жас­тарымызды ең алдымен Адал азамат етіп тәрбиелеу қажет. Адал азамат дегеніміз – елін, жерін сыйлайтын, заңға бағынатын, білімге ұмтылатын, ұлттық құндылықтарды қолдайтын және ел бірлігін нығайтуға үлес қо­сатын азамат. Еліміздің озық болуы осын­дай отаншыл, тәртіпті, білімді, мә­де­ниетті, белсенді және ойы ұшқыр жас­тарға тікелей байланысты. Өз қабілетіне сенетін, көзі ашық, көкірегі ояу, еті тірі, еңбекқор адам­ның ешкімге тәуелді болмайтынын жас ұрпақ ұғынып өсуі қажет. Әр аза­ма­тымыз өз ісіне тиянақты, ұқыпты және жи­нақы болса, тұтас мемлекет те табысты бол­мақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бәсекеге қабілетті ұлт болуымыз керек екенін де сөз етті. Бұл – ең алдымен, ұлтымыздың сапасы, яғни аза­мат­тарымыз заманауи, озық ойлы, жасам­паз болуы қажет деген сөз. Қазіргі аса күр­­­­делі, құбылмалы және қарама-қайшы­лық­қа толы заманда озық ел болу оңай шаруа емес. 

– Бәріміз бір ел болып қолға алған ре­фор­малардың түпкі мақсаты – Қазақстанды жаңа жағдайға бейімдеу, сол арқылы елі­міздің егемендігін нығайтып, бәсекеге қа­бі­л­етін арттыру. Мемлекет басшысы ретінде мен жеріміздің тұтастығын, еліміздің дер­бестігін және экономикалық дамуын қам­тамасыз етуім керек. Бұл – менің азаматтық борышым. Қазір әлем түбегейлі жаңа та­рихи кезеңге қадам басты. Бәріңіз де мұны көріп-біліп отырсыздар. Бір жағынан, қақ­тығыстар мен соғыстар азаймай тұр, басқа жа­ғынан, жоғары технологиялар, жасанды ин­теллект тез дамуда. Осындай күрделі жағ­дайда еліміз дамудың даңғыл жолына түс­ті. Барша елмен достық қатынас орна­тып, мемлекетімізді сенімді серіктес ретінде таныттық. Соның арқасында энергетика, көлік, логистика, ақпараттық технология, ауыл шаруашылығы және басқа да сала­ларға қомақты инвестиция тартып жатыр­мыз. Қазіргі алмағайып заманда салиқалы дипломатия дәстүріне негізделген сыртқы сая­сатты ұстану айрықша маңызды. Біз мем­лекеттердің бәрі өзара тіл табысып, ор­тақ мәмілеге келе білгені жөн деп санай­мыз. Өзара сенім мен құрметті нығайтып, әріптестік қарым-қатынасты дамыту қажет деп есептейміз. Жақында Алматыда Бірік­кен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы ашылды. Мұны зор жетістік деп айтуға болады, – деді Прези­дент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында негізгі халықаралық мәселе­лерге баса назар аударып, бірқатар ұсыныс айтқанын жеткізді. Әлемде барлық елдің мүддесі ескерілетін әділ халықаралық қа­тынастар жүйесін орнату керек. Қазақстан дүниежүзі қауымдастығының жауапты әрі ықпалды мүшесі ретінде алдағы уақытта да тең­герімді әрі сындарлы сыртқы саясат жүр­гізе береді. 

– Біз ауқымды жаңғыру кезеңіне қадам бас­тық. Мақсатымыз – баршаға тең мүм­кін­дік ұсынатын, өркендеу жолындағы Әді­летті Қазақстанның іргесін қалау. Таяуда халыққа арнаған Жолдауымда Парламентті ре­формалау туралы мәлімдедім. Бұл бас­та­маны алдын ала жариялауымның өзі еліміз­де­гі саяси үдерістердің ашық жүріп жат­қа­нын көрсетеді. Биліктің заң шығарушы тар­мағын өзгерту соңғы жылдары жүзеге асы­рылған жан-жақты жаңғырудың қисын­ды жалғасы болмақ. Барлық ұсынысымыз Қазақстанның эволюциялық дамуына қа­тысты азаматтарымыздың мүддесі мен сұра­нысына негізделген. Ал еліміз алға жыл­жып, дамуы керек. Бұған еш күмән жоқ, болуы да мүмкін емес. Жоспарланған өз­герістер Парламенттің құзыреті мен бе­де­лін күшейтеді. Конституцияға енгізілетін өзгертулер Парламентке ғана қатысты емес, сондай-ақ Президент, Үкімет туралы бөлім­дерді және саяси жүйенің басқа да қыр­ларын қамтиды. Түзетулердің жалпы көле­мін және 2022 жылғы конституциялық ре­форма аясында жүзеге асқан баста­ма­лар­ды ескерсек, мұны жаңа Конституция қа­был­дауға барабар іс деуге болады. Әйтсе де, Қа­зақстан Республикасы күшті прези­дент­тік билікке арқа сүйеген мемлекет болып қалуға тиіс екенін атап өткім келеді, – деді Қазақстан басшысы.

Мемлекет басшысы саяси бағдар мен қа­был­даған нақты шешімдер ұлтымыздың ұзақ­­мерзімді мүддесі мен мемлекеттің қауіп­­сіздігін қорғау, елді дамыту қағидат­тарын көздейтінін айтты. 

– Жолдауда бірпалаталы Парламентті про­порционалды сайлау жүйесі арқылы жа­сақтау қажет екенін ашық айттым. Бір- па­латалы Парламентті тек партиялық тізім бойынша қалыптастыру партиялардың инс­титуционалдық негізін нығайтуға сеп­тігін тигізеді. Сайлаушылармен жүйелі жұ­мыс істеуіне ықпал етеді. Яғни, мемле­кет­тілігімізге пайда әкеледі. Бұл ешқандай ке­рі кету немесе демократиялық қағидат­тар­дан бас тарту емес. Ел қамын ойлап, сая­си тұрғыдан салмақтап осындай ұйға­рым­ға келдім, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ай­мақтық деңгейде азаматтар билікпен ті­келей әрі тұрақты қарым-қатынас жасайды. Сондықтан жергілікті мәслихаттар мен әкім­діктер белсенді жұмыс істеп, елдің мұң-мұқ­тажын шешуде маңызды рөл ат­қара­ты­нын көрсетуге тиіс. Кейінгі жылдары тіке­лей сайлау институты айтарлықтай кеңейді. Әуелі ауыл әкімдерін сайлау енгі­зіл­ді, кейін ол аудан, содан соң облыстық маңызы бар қала басшыларын сайлауға ұласты. 

– Реформалар – табиғи үдеріс, мұнда ар­тық консерватизмге орын жоқ. Жергілікті мәслихаттарды сайлауда мажоритарлық жүйені сақтау керек деп санаймын. Осы тұс­та тағы да атап өткім келеді: мемлекеттік маңызы бар кез келген мәселе бойынша ше­шуші сөзді азаматтарымыз айтуға тиіс. Конституциялық реформа жасалған кезде, сондай-ақ атом станциясын салу мәселесін талқылаған уақытта дәл солай болған. Қазір де солай болмақ. Бұл елімізде жаңа саяси мәдениеттің пайда болғанын көрсетеді, яғни бұл – қоғам көкейінде жүрген аса өзекті мәселелерді шешудің жаңа дәстүрі қа­лыптасып жатыр деген сөз, – деді Мемле­кет басшысы.

Осы тұста Президент жыл сайын аза­маттарымыз түрлі салада топ жарып жат­қа­нын тілге тиек етті. Бұл халқымыздың жа­сам­паз болмысын паш етеді. Жастарды осын­дай ізгі амалдар жасауға ынталан­дыра­ды, ұлттық рухымызды жани түседі. 

– Higgsfield AI стартапы – биылғы ай­тулы жетістіктердің бірі. Оны Қазақстанның алғашқы «сыңармүйіз» стартапы деуге болады. Әдетте жаһандық нарықта бір мил­лиард долларға немесе одан да қымбатқа бағаланған компанияларды осылай атайды. Бұл бірегей жобаның негізі Astana Hub алаңында қаланған болатын. Мұны мате­матика және физика пәндерінен жасөс­пірімдер арасындағы халықаралық олим­пиада жеңімпаздары, дарынды энтузиастар жасады. Осындай мықты азаматтар – елі­міздің келешегі. Жас кәсіпкерлер, ғалым­дар, инженерлер, IT-мамандар Қазақстан­ның жаңа элитасын қалыптастыруда. Ал жаңа­шылдық – ұлттық сипатымыздың маңыз­ды қырына айналды. Демек, мем­лекет қолдау көрсетсе, білімді, еңбекқор бала­ларымыз бен немерелеріміз әлемдік на­рықта сұранысқа ие жоғары технология­лық өнім­дер жасай алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан басшысының айтуынша, уа­қыт оздырмай, білімге негізделген эконо­мика құруға кірісу қажет. Жасанды интел­лект дәуірінде жаңа салалар мен бизнес түрлері міндетті түрде пайда болады. Бұл ой­лы, алғыр жастар үшін нағыз жарқырай көрінетін сәт. Мемлекет пен қоғам жас та­лант­тарды қолдауы керек. 

– Мемлекет, бизнес және жалпы қоғам күш біріктіргенде ғана Әділетті Қазақстанды құра аламыз. Еліміз еңсесін тіктеді, аяғына нық тұрды. Экономикада оң қарқын бай­қалады. Халықаралық қаржы институттары тарапынан жоғары несие рейтингін ие­ленуде. Экономика дамуының негізгі көр­сеткіші – халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс са­пасының артуы. Бұл – менің берік ұста­ны­мым. Жалпы, мемлекет түйткілдерді біртіндеп шешіп келеді. Ең маңыздысы – нәтиже, өзімізді жарнамалау емес. Кез кел­ген азамат білімі мен еңбекқорлығының арқасында қабілет-қарымын көрсетіп, іс­керлік, шығармашылық немесе мемлекеттік қызметтегі мансабында табысқа жететін орта, қазір жиі айтылатын экожүйе қалып­тастыруға күш салып жатырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, біз осы­лайша Қазақстан азаматтарының жа­сам­паз рухын сыйлауымыз керек. Мұндай игі үрдісті жан-жақты қолдау қажет. Ел мүд­десі үшін биік мақсаттарға ұмтылыс ұлт­тық болмысымызға тән қасиет болуы ке­рек. Армандау, алға мақсат қою – өте дұ­рыс. Алайда қазіргі заман нақты іс-әре­кет­тің уақыты екенін ұмытпаған жөн. Сон­дық­тан елге пайдалы, болашаққа қажет іс­­­­термен айналысу керек. Сөз жүзінде емес, іс жүзіндегі отаншылдық, яғни нағыз пат­рио­тизм дегеніміз – осы. 

– Мемлекетіміздің Егемендігі туралы дек­ларацияның 35 жылдығы – еліміз үшін аса маңызды тарихи меже. Көптеген елдер­дің тарихына қарайтын болсақ, мұндай құ­жаттар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ғасыр­лар бойы сақталады, азаматтық сана-се­зімнің мызғымас негізі ретінде қызмет ете­ді. Сондықтан Егемендік туралы дек­ла­ра­ция, бұл – мемлекеттігіміздің берік ар­қауы, хал­қы­мыздың жарқын болашаққа ұм­ты­лы­сының айқын көрінісі. Егемен­дігі­мізді жа­рия­­лаған алғашқы күннен бастап мем­ле­кет­ті­лігімізді бекемдеп, халқы­мыз­дың әл-ауқатын арттыру жолынан айныған емес­піз. Бұл – ең дұрыс стратегия, – деді Президент.