«Арманым орындалды!»: танымал актриса қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесі Республика күніне орай марапат алғанын айтты.

Актриса Құралай Анарбекова әлеуметтік желідегі қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі Республика күніне орай марапатталғанын айтты. 

"Тағы бір арманым орындалды. Маған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Бұл — Республика күніне орай берілген мемлекеттік марапат. Бұл жай ғана атақ емес — бұл менің ұзақ жылғы еңбегіме, сеніміме және сүйіспеншілігіме берілген баға. Әр фильм, әр жоба, әр оқиға — менің жанымның бір бөлшегі, қазақ киносына және елімізге деген махаббатымның көрінісі. Жаратқанға, отбасым мен достарыма, әрдайым қасымда жүрген командама шексіз алғыс айтамын. Сонымен қатар мәдениет пен өнерге қосқан еңбегімді жоғары бағалағаны үшін Президентімізге ерекше ризашылығымды білдіремін.  Егер менің шығармашылығыммен әлі таныс болмасаңыз — Википедияға менің атымды теріп танысуға болады. Ал менімен бұрыннан бірге келе жатқан достар өздеріңізге ең есте қалған фильмдер мен жобаларым туралы жазсаңыздар", - деп жазды Құралай Анарбекова. 

Актриса шынайы пікір жазған оқырмандарына сыйлығы бар екенін айтып, қуантып қойды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.