Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін жаттығуларда өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз еркін жаттығулардың финалында 13.600 ұпай жинап, 6-орынға тұрақтады.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс жеңімпазы Джейк Джарман (Ұлыбритания) болды – 14.866 ұпай. Күміс жүлдені тағы бір Ұлыбритания өкілі Люк Уайтхаус жеңіп алды – 14.666 ұпай. Қола медальді Карлос Юло (Филиппин) иеленді – 14.533 ұпай.
Айта кетейік, 2023 жылы Бельгияда өткен әлем чемпионатында Карими осы бағдарламада қола медаль жеңіп алған еді.
Ертең ол кермедегі жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.