Денсаулық сақтау министрлігі паллиативтік көмекке қолданылатын дәрілердің тізбесін кеңейтті. Қазір ол 18 атауды қамтиды екен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сондай-ақ, министрлік стационарларда паллиативтік көмек көрсету тарифін және көшпелі мобильдік бригадаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтты. Бұл пациенттер үшін көмекті қолжетімді етуге және паллиативтік қызметтің инфрақұрылымын нығайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінде елімізде 2 087 паллиативтік төсек орналастырылған, оның 81-і балалар төсегі. Барлық 20 өңірде 220 мобильдік бригада жұмыс істейді. Паллиативтік көмек көрсететін 9 дербес мекеме Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Абай облысында, СҚО және ШҚО-да жұмыс істейді.
Мұндай қолдауды қажет ететін пациенттердегі аурулардың құрылымы әртүрлі:
• онкологиялық аурулар-41%,
• жүрек-қан тамырлары – 27%,
• тыныс алу ағзаларының аурулары – 12%,
• жарақаттар – 11%,
• туберкулез-2%.
Сонымен қатар қазір тәсілдерді біріздендіру, қызметтердің сапасы мен мультидисциплиналық командалардың тиімділігін арттыру үшін паллиативтік көмекті ұйымдастырудың жаңа ұлттық стандарттары әзірленуде. Әлі де маңызды қадамдар жасалуы керек сала - балалар паллиативіне ерекше назар аударылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.