Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыруға ерекше мән береді – Ерлан Қарин

Республика күні қарсаңында Президент түрлі сала бойынша 500-ден астам жұмысшыны, еңбек әулеттерінің 138 өкілін, 200-ден астам ғалым мен педагогті, медицина қызметкерлерін мемлекеттік наградамен марапаттады.

Мемлекет басшысы Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек культін ілгерілету, жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыру саясатын жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

  • Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. 
  • Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ қосылды: ғалымдар мен өнертапқыштар, инженерлер, архитекторлар мен құрылысшылар, кеншілер мен шахтерлер, геологтер, өнеркәсіп, көлік, су және аграрлық сала жұмысшылары үшін.  
  • Елімізде 63 кәсіби мереке аталып өтіледі, Еңбек күніне ерекше маңыз берілген.  
  • Жыл сайын еліміздің дамуына адал еңбегімен жеке үлесін қосып жүрген азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырылады.  
  • Республика күні қарсаңында Президент түрлі сала бойынша 500-ден астам жұмысшыны, еңбек әулеттерінің 138 өкілін, 200-ден астам ғалым мен педагогті, медицина қызметкерлерін мемлекеттік наградамен марапаттады.  
  • Ең жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы көпжылдық еңбек өтілі бар әрі еңбек әулеттерінің өкілі саналатын механизатор М.Қаражұманов пен шахтер С.Чернобайға берілді.