Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерге кіріп, үй иесін құтқарып қалды

Жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Риддерде жанып жатқан пәтерден ер адам құтқарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

ШҚО Риддер қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. 

Өрт сөндірушілер түтін басқан пәтерден үй иесін аман алып шығып, оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.  Өрт 10 шаршы метр аумақта өшірілді. 

Төтенше жағдайлар қызметі өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды және отпен абай болу керегін ескертті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.