Әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында денсаулығы сыр бергенін айтып, оқырманды алаңдатып қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі көрерменді сағынғанын, алайда сырқаттанып қалғаннан кейін жоспарланған концертке қатыса алмай қалғанын жеткізді.
"Мен сіздерді қатты сағындым. Бір апта бойы отбасымызбен кезектесіп ауырып шықтық. Ауырған соң біраз жоспарлар ауысып, көңіл түскен сәттер де болды. Қалай болғанда да бәрі хайырымен. Ауырмай, аман жүріңіздер. Ең көңілім түскен кез жеке концертке бара алмай қалдым. Үлкен сахнада ән салуым керек еді. Өзім болмасам да әнімді қосыпты, көзіме жас келді", – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.