Қазгидромет бейсенбі, 23 қазандағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.
Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс циклон әсерінен жауын-шашын болады. Ел бойынша түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел екпін алады.
Қазақстанның бірқатар өңірінде – Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл өңірінің орталығында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.