22 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 33 жыл толды, – деп хабарлайды Aikyn.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы саяси мәдениеттің жоғары деңгейімен ерекшеленіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келеді.
Табысты өзара іс-қимыл – екі ел көшбасшылары арасындағы достық қарым-қатынастың нәтижесі. Бұған дәлел – Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға өткен жылғы мемлекеттік сапары және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге 12 қарашада жоспарланған мемлекеттік сапары.
Біздің ортақ көпғасырлық тарихымыз, географиялық, рухани жақындығымыз және өзара сеніміміз – елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытудың бірегей артықшылығы мен кепілі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.