«Жастар рухының» Жастар қанаты Республика күні қарсаңында экскурсия өткізді

25 қазан – Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері арнайы экскурсия ұйымдастырды.

«Анаға тағзым» рухани-мәдени орталығында өткен іс-шара партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында қолға алынды.  

Оған 50-ге жуық қыз бала қатысып, орталықтың қызметімен танысты. Сондай-ақ олар қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен анаға деген құрметі жөнінде мол мағлұмат алды. Мұндағы мақсат – жас ұрпақтың бойына анаға, әйел затына деген құрмет пен ізетті, отансүйгіштікті сіңіру және тарихи сана-сезімді қалыптастыру. 

Экскурсия барысында қатысушыларға арналған арнайы шеберлік сабақтары, психологиялық тренингтер және танымдық дәрістер ұйымдастырылды. Кездесу соңында қатысушылар алған әсерімен бөлісіп, өз ойын ортаға салды.

Айта кетейік, «Анаға тағзым» орталығы – аймақ басшысының бастамасымен жаңадан бой көтерген ұлттық үлгідегі мәдени-әлеуметтік нысан. Орталықта ұлттық құндылықтар, қыз-келіншектердің еңбегі дәріптеледі. Сондай-ақ қазіргі қазақ әйелдерінің рухани келбетін қалыптастыру, тұрмысқа икемдеу, бейімдеу бағытында жұмыс жүргізіледі. 

«Жастар рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асетхан Баймырзаның айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың тарихи санасын ояту, қастерлі мерекенің мәні мен маңызын түсіндіру жолында маңызды рөл атқарады.