Әнші Жұлдыз Өмірғали марқұм әкесін айтып, жылап қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кинодан алған әсерін жеткізген ол жастайынан әкесіз өскенін еске алды.
“16 жылдан бері әкесіз өсіп келе жатқан қыздардың қатарынанмын. 14 жасымда әкем о дүниелік болды. Бұл фильм маған қатты әсер етті. Кез келген адамда уақытты артқа қайтарып ата-анасын құтқарып қалуға мүмкіндік болса, барлығын істейтін еді. Мен де бар күшімді салатын едім", – дейді әнші.
Желі қолданушыларының бір бөлігі қолдау білдірсе, енді бірі жеке өміріне қатысты жайтты сынға алған.
«Бірінші әйелдің балалары да әкесіз өсіп жатыр», «Сен де Әселдің балаларын әкесіз қалдырдың. Махаббаттан өлген ешкім жоқ. Екі баласын тірі жетім қылдың», «Неге бәрі Жұлдызды кінәлайды? Айқын балаларын ойламаса, неге басқа адам ойлауы керек? Арада бала болса да, некені бала арқылы ұстап қала алмайсың», – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.