Бес баласы бар боксшы чемпион болды (видео)

Боксшы Әйгерім Сәттібаева 15 жылдан кейін чемпион болып отырғанын айтты.

Семейде ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

48 келіде Әйгерім Сәттібаева мен Анель Құдайберген финалдық жекпе-жек өткізді.

Жекпе-жек нәтижесі бойынша, Әйгерім Сәттібаева айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп: 5:0. Осылайша, Әйгерім Сәттібаева Қазақстан чемпионатының алтын медалін, ал Анель Құдайберген күміс медалін иеленді.

Боксшы Әйгерім Сәттібаева 15 жылдан кейін чемпион болып отырғанын айтты. Ол бес баланың анасы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.