Оралдағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын пышақтап тастады

Оқушылар арасында жеке қарым-қатынас негізінде жанжал туындаған.

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын пышақтап тастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқушылар арасында жеке қарым-қатынас негізінде жанжал туындаған.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Күдікті ретінде кәмелетке толмаған оқушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатын болады", - дейді ведомстводағылар.

Сондай-ақ материалдар аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Қылмыстық істі тергеуді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығы өз бақылауына алған.