«Алдағы жаңалық бұдан да қызық болады»: актер Олжас Абай көрерменді қызықтырып қойды

Әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Әнші әрі актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көрерменге алғыс айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол актриса Дариға Бадықовамен түскен суретін жариялады. Сонымен қатар «Ыстық ұя» фильмі көпшіліктің ыстық ықыласына бөленгенін атап өтті.

«Біздің шығармашылығымызды жоғары бағалап, бізбен бірге жеңіске жетіп келе жатқан, талғамы биік көрермендерге үлкен алғыс айтамын. #Ыстықұя фильмі – жай ғана драма емес, қоғамның бір айнасы екенін өздеріңіз дәлелдеп бердіңіздер. Рақмет! Алдағы жаңалық бұдан да шынайы, бұдан да қызықты болмақ»,  деп жазды актер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.