«15 жылдан кейін финалға шықтым»: 5 баласы бар боксшы қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)

Әйелдер арасында ең жеңіл салмақта жамбылдық Әйгерім Сәттібаева қызылордалық Ақтоба Болатты жеңіп, финалға жолдама алды.

Семей қаласында бокстан ересектер арасындағы ел чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әйелдер арасында ең жеңіл салмақта жамбылдық Әйгерім Сәттібаева қызылордалық Ақтоба Болатты жеңіп, финалға жолдама алды.

Бес баласы бар боксшы өзін қолдаған жанкүйерлерге алғыс білдірді. Ол 48 келіде бәсекелестік жоғары екенін атап өтті.

«Әлеуметтік желіде пікір жазып, қолдап жатқан жанкүйерлерге алғыс білдіремін. Еңбек ақталып, финалға шығып жатырмыз. Жекпе-жектер жеңіл болып жатқан жоқ. 48 келіде мықты қыздар көп. Бұл салмақта қазақтың батыр қызы Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы болды. Мен соңғы рет 2011 жылы Қазақстан біріншілігін Қызылорда қаласында жеңген едім. Содан кейін финалға енді шығып тұрмын»,  дейді боксшы Sportministri Telegram арнасына берген сұхбатында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.