Түркістанда тәркіленген есірткіні сатып жатқан полицейлер ұсталды

Бұл жағдайға қатысты ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев ресми түсініктеме берді.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Түркістан облысы Полиция департаментінің ӨҚБ қызметкерлері бірлесіп жүргізген арнайы іс-шара барысында құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен Полиция департаментінің екі қызметкері ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл жағдайға қатысты ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев ресми түсініктеме берді.

– Күдікті екі полицей ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар облыстық Полиция департаментінде тәртіптік комиссия отырысы өтіп, оның шешімімен аталған екі қызметкер теріс себептермен қызметтен босатылды, – деді Шыңғыс Әлекешев.

Оның айтуынша, бұл жағдай бойынша басқа да жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

– Ішкі істер министрі өз қатарымызды арам пиғылды, антына адал емес қызметкерлерден жүйелі түрде тазарту жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп келе жатқанын бірнеше мәрте атап өткен. Біз антын сататын қызметкерлерге қарсы қатаң және принципті ұстанымдамыз, – деді ІІМ ресми өкілі.