«Миссия орындалды!»: Дариға Бадықова қуанышты жаңалығын айтты

Еске сала кетейік, бұған дейін Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» дебюттік продюсерлік жобасы да 1 миллиард теңге касса жинаған еді.

Белгілі әртіс, қазіргі таңда танымал продюсер атанған Дариға Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиард теңге касса жинады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

 «Ыстық ұямыз» миллиард жинады. “Бауырыма көлік сыйладым”, “Бір үйден 10-15 адам келдік”, “Анамды құшақтап жыладым”, “Бауырыммен қауыштым”….көөөп шынайы неше түрлі хаттар толастамай күнде келді. 

Ыстық ұя – жай фильм емес. Бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсінші, жүректер қозғалсыншы деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ. Миссия орындалды»,  деп жазды Д.Бадықова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» дебюттік продюсерлік жобасы да 1 миллиард теңге касса жинаған еді.