Жетісу университетінде ZU Professions Fest 2025 өтті

Хакатон ғылымды, технологияны және жастардың зияткерлік әлеуетін бір сахнада біріктіре отырып, белсенді қарым-қатынас, командалық жұмыс және саналы мансап таңдау алаңына айналды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  Жұмысшы мамандықтары жылы  аясында ZU Professions Fest 2025 «Мамандықты таңда – болашағыңды айқында!»  хакатон өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осы шараға өңір мамандары, жұмыс беруші-сарапшылар, оқытушылар, студенттер және оқушылар қатысты. Қонақтарды Жетісу университеті  жас ғалымдарының инновациялық жобалары, ғылыми стартаптары, технологиялық шешімдері көрсетілген жетістіктер көрмесі қарсы алды.

Қатысушылар кәсіби шығармашылық пен жаңашылдық атмосферасына толығымен еніп кетті. Толықтырылған және виртуалды шындық (AR/VR) технологияларын, сондай-ақ робототехниканы пайдаланатын интерактивті жарыстар ерекше тартымды болды.

Хакатон ғылымды, технологияны және жастардың зияткерлік әлеуетін бір сахнада біріктіре отырып, белсенді қарым-қатынас, командалық жұмыс және саналы мансап таңдау алаңына айналды.