«Хан-Тәңірі» футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы матч кезінде қайтыс болды

Қайғылы хабар туралы «Қазақстан Бірінші лигасының» ресми парақшасында жарияланды.

«Хан-Тәңірі» футбол клубының шабуылшысы Диас Төлеу өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы хабар туралы «Қазақстан Бірінші лигасының» ресми парақшасында жарияланды.

«Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады», - делінген жазбада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.