Ақмола облысында жанармай бекетінде ер адам токқа түсіп, қаза тапты. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Оқиға 13 қазанда сағат шамамен 09:45-те болған. Ер адам жанармай құю бекеттерінің бірінде токқа түсіп, сол жерде мерт болған.
"Болжам бойынша, оператор автоцистернаның тіркемесіне көтерілген кезде электр жеткізу желісіне тиіп кетіп, ток соғу салдарынан оқиға орнында қаза тапқан", – деп хабарлады ведомство.
Облыстық еңбек инспекциясы комиссия құрылып, тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.