Мұнда сарапшылар, депутаттар мен қоғам өкілдері маңызды заң жобаларын талқылап, өз ұсыныстарын білдіреді. Бүгінде Қоғамдық палата цифрлық трансформация, жасанды интеллект және құқық қолдану тәжірибесі сияқты өзекті мәселелерге басымдық беріп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Марат Башимов 24kz арнасындағы "Заң бойынша" ("По закону" ред.) бағдарламасында айтты.