Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі екі бөлімнің меңгерушісін жаңадан тағайындады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Айта кетейік, ол 2024 жылы 6 ақпанда Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалып, сол жылы 21 желтоқсанда қызметінен кеткен болатын. 

Сондай-ақ Президенттің өкімімен Жандос Бақытбекұлы Иманалиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.