Криштиану Роналду 2 гол соғып, тағы бір жаңа рекорд орнатты

Ол мансабындағы 947 және 948-ші голын соқты.

40 жастағы Роналду ұлттық құрама сапындағы кезекті ойынында дубль авторы атанып, тағы бір жаңа рекорд орнатты,  деп хабарлайды Аikyn.kz

Кеше түнде Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының Еуропа аймағындағы іріктеу кезеңінің 4-турында Венгриямен тең түсті. Яғни, Лиссабон қаласындағы "Жозе Алваладе" стадионында өткен матчта 2:2 есебімен  аяқталды.

Сол жарыста аты аңызға айналған Криштиану Роналду 2 гол (22, 45+3 минуттар) соқты. Бұл – оның мансабындағы 947 және 948-ші голы. Сондай-ақ  Криштиану Роналду әлем чемпионатының іріктеу матчтарында барлығы 41-голын тойлап, жаңа рекордқа қол жеткізді.

Оның арманы – соққан голының санын 1 000-ға жеткізу.  

Сонымен қатар Роналду әлем чемпионатының барлық құрлықтарындағы іріктеу кезеңінде абсолютті рекорд орнатты. «Аль-Наср» шабуылшысы іріктеу турнирлерінде 41-голын соғып, мәңгілік қарсыласы Лионель Мессиден 4 голға артып түсті.

Осыдан соң Роберто Мартинес жаттықтыратын Португалия 10 ұпай жинап, E тобында ешкімге дес бермей тұр. Ал Марко Росси баптайтын Венгрия 5 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. 

Келесі турда Португалия Ирландияға қонаққа барса, Венгрия Армениямен сырт алаңда кездеседі.