«Шоқан зерттеулеріндегі тастағы тарих» атты халықаралық рухани-мәдени кеш өтті

Іс-шара аясында Шоқан Уәлихановтың зерттеулеріне арналған ғылыми баяндамалар ұсынылып, тақырыпқа байланысты тың деректер талқыланды.

Таңбалы Тас археологиялық кешенінде ұлы ғалым, этнограф, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан зерттеулеріндегі тастағы тарих» атты халықаралық рухани-мәдени кеш өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Рухани кеште далалық ғылыми экскурсия, «Шоқан еңбектері және Таңбалы бейнелері» атты фотокөрме, буддалық-этникалық музыка композициялары, «Шоқан және Таңбалы Тас мұрасы» атты ғылыми-танымдық пікірталас ұйымдастырылды.

Кештің қонақтары қатарында ЮНЕСКО өкілдері, Әзербайжаннан «Гобустан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы, Ресейден «Карелияның петроглифтерін басқару орталығы», Қырғыз Республикасынан «Сулайман-Тоо» ұлттық тарихи-археологиялық музей кешенінің қызметкерлері, сондай-ақ қазақстандық шығыстанушы ғалымдар мен буддатанушылар болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.