Aikyn.kz жаңа құралдың ерекшеліктері мен оны қолдануда туындаған даулардың себебін BBC News материалына сүйеніп түсіндіреді.
Алайда танымалдықтың өсуімен бірге OpenAI-дің авторлық құқықпен қорғалған материалдар мен дүниеден өткен танымал тұлғалардың бейнелерін пайдалану тәсілі интернетте сынға ұшырады.
Sora 2 пайдаланушыларға өздері жасаған видеороликтерді әлеуметтік желілерде оңай жариялауға мүмкіндік береді. Бұл функция интернетті түрлі бейнелерге толтырып жіберді. Олардың кейбірінде Майкл Джексон мен Тупак Шакур сияқты өмірден қайтқан жұлдыздардың бейнелері қолданылған. Актер әрі комик Робин Уильямстың қызы Зельда Уильямс көпшіліктен әкесінің бейнесі бар ЖИ-видеоларды өзіне жіберуді тоқтатуды сұрады.
OpenAI өкілі Axios жаңалық сайтына берген түсініктемесінде тарихи тұлғалардың бейнелерін қолдануға «сөз бостандығына» байланысты рұқсат етілгенін айтқан. Дегенмен компания «жақында қайтыс болған» танымал тұлғалардың бейнелерін алып тастауға олардың туыстары немесе заңды өкілдері өтініш бере алатынын мәлімдеді. Бірақ «жақында» ұғымының нақты мерзімі көрсетілмеген.
Nintendo бұл жағдайға қатысты сотқа шағым түсіру жоспары бар-жоғын ашық айтпаған. Бірақ OpenAI-мен қатар бірнеше ірі ЖИ компаниялары шығармашылық құқық иелерімен сот дауларына тартылып отыр.
Мұндай істердің бағасы да жоғары. Мысалы, Anthropic компаниясы авторлардың еңбегін заңсыз пайдаланды деген айыппен 1,5 миллиард доллар өтемақы төлеуге келісім берген.
«Біз адамдардың Sora-ны қалай қолданатынын тез үйреніп, пайдаланушылар мен құқық иелерінің пікірлерін ескеріп жатырмыз», – деп жазды.
Оның айтуынша, алдағы уақытта OpenAI құқық иелеріне кейіпкерлердің жасалуын бақылауға көбірек мүмкіндік беруді және табысты бөлу жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.
Құқық иелері Sora видеоларын «интерактивті фанфик» деп қабылдай ма, әлде компанияны азаматтық сот істері күтіп тұр ма? Бұл сұрақ ашық күйінде қалуда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.