Астанада баспананың бағасы рекордтық деңгейде өсіп барады

Статистика бюросының дерегінше, Астанада жаңа пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 13,7%, ал былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 14,3% қымбаттаған.

Қыркүйекте Астанадағы жаңа тұрғын үйлердің шаршы метрі 5,1% өсіп, орташа бағасы 650 мың теңгеге жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл –  2022 жылғы наурыздан бергі ең жоғары айлық өсім.

Баға өсімі рекорд жаңартты

Статистика бюросының дерегінше, Астанада жаңа пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 13,7%, ал былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 14,3% қымбаттаған.

DATA HUB сарапшыларының айтуынша, елордада бұдан да жоғары айлық өсім тек 2015 жылдың қарашасында және 2022 жылдың наурызында болған.

Орташа алғанда, жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі – 678,2 мың теңге, ал екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы 2,2% өсіп, жыл басынан 4,4% артқан.

Алматы мен басқа өңірлердегі жағдай

Алматыда жаңа пәтерлер бір айда бар болғаны 0,1% қымбаттады, бірақ жыл басынан бері 12,4% өсім байқалған.

Қаладағы жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 648,2 мың теңге/шаршы метр, қайталама нарықтағы баға – 701 мың теңге/шаршы метр (+19,1% жылдық өсім).

Жалдау ақысы Алматыда бір айда 2,7%, Астанада 1,8% өсті.

Қазір екі қалада пәтерді жалға алу құны шамамен 5-5,5 мың теңге/шаршы метр.

Өңірлердегі өсім

Жаңа үйлер бойынша ең жоғары өсім келесі қалаларда тіркелді: Тараз — +2,4% (396,4 мың тг/ш.м), Ақтөбе — +1,4% (314 мың тг/ш.м), Орал — +1,4% (299,1 мың тг/ш.м).

Қайталама нарықта көшбасшы — Шымкент (+3,1%), онда пәтердің орташа бағасы 457,6 мың теңге/ш.м. Атырауда да өсім байқалды — +2%, орташа баға 495 мың теңге/ш.м.