Нұрсұлтан Балабиев азаматтарды жеке қабылдады

«AMANAT» партиясы Шымкент қа­ла­лық филиалының қоғам­дық қабылдау бөлмесін­де «Құқықтық көмек» жобасы аясында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, партия фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Балабиев азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында тұр­ғын­дар әлеу­меттік, тұрғын үй және құқықтық сипат­тағы мәсе­лелерін көтеріп, өздерінің жеке өтініш­терін жеткізді. Әрбір аза­маттың ша­ғымы мұқият тың­далып, нақ­ты шешім қабылдау үшін тиісті мекемелерге жол­данды.

Атап айтқанда, қабылдауға келген азаматтар қатарында:

Кулайша Налибаева – ай сай­ынғы табысы төмен зейнет­кер ретінде әлеу­меттік қолдау сұрады.

Қабылдау кезінде тұрғындар пар­тияның жүйелі жұмысына ризашылығын білдіріп:

«Мәселемізге назар аударып, нақты бағыт-бағдар көрсеткені­ңіз үшін алғыс айтамыз. Осындай қол­дау біз үшін үлкен көмек», – деп атап өтті.

Барлық өтініш назарға алы­нып, Нұр­сұлтан Балабиевтің жеке бақылауында. Депутат әр мәселені егжей-тегжейлі қа­рап, тұрғындар­ға құқықтық және әлеу­меттік кеңес берді. Сонымен қатар бірқа­тар өтініш бойынша нақты шара­лар қабылдау үшін уәкілетті орган­дарға жол­данды.

«AMANAT» партиясы Шым­кент қала­лық филиалы азамат­тардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға және олардың күн­делікті өмір сапасын арттыруға ба­ғыт­талған жұмыстарды жүйелі түрде жал­ғастыра береді.